Өтірікші – Алланың алдында өтірікші болып жазылады

қаралған саны:

Адамдар арасында кең тараған жаман қылықтардың бірі жалған сөйлеу, жалған ант ішу. Бұл мұсылманшылыққа жат қылық. Шындық пен өтірік, иман мен күпірлік қатар жүрмейді.

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بنِ مَسعودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «عَلَيْكُمْ بِالصِّدْقِ فَإِنَّ الصِّدْقَ يَهْدِي إِلَى الْبِرِّ وَإِنَّ الْبِرَّ يَهْدِي إِلَى الْجَنَّةِ وَمَا يَزَالُ الرَّجُلُ يَصْدُقُ وَيَتَحَرَّى الصِّدْقَ حَتَّى يُكْتَبَ عِنْدَ اللَّهِ صِدِّيقًا وَإِيَّاكُمْ وَالْكَذِبَ فَإِنَّ الْكَذِبَ يَهْدِي إِلَى الْفُجُورِ وَإِنَّ الْفُجُورَ يَهْدِي إِلَى النَّارِ وَمَا يَزَالُ الرَّجُلُ يَكْذِبُ وَيَتَحَرَّى الْكَذِبَ حَتَّى يُكْتَبَ عِنْدَ اللَّهِ كَذَّابًا». مُتَّفَقٌ عَلَيْهِ.

Абдулла ибн Масғұдтан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Шындықты сөйлеңдер, шыншыл болыңдар! Расында, шындық ізгілікке апарады, ал ізгілік жұмаққа апарады. Бір адам шыншыл болып, тек шындық айтуды әдеттенеді де, ақырында Алланың алдында шыншыл болып жазылады. Ал өтіріктен сақ болыңдар! Расында, өтірік бұзықтыққа апарады. Бұзықтық болса, тозаққа апарады. Бір адам өтірік сөйлеп, өтірікке әдеттенеді де, ақырында Алланың алдында өтірікші болып жазылады»[1].


[1] Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.

ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешіті

Комментарии: