ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойы аясында Шымкент қаласында орналасқан «Шымкент» медресе-колледжінің ерлер мен қыздар бөлімінде жаңа екі құдық қазылып, пайдалануға берілді.

Мерейтойға орай өткен игі шарада Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов сөз алып, шараның маңыздылығына тоқталып, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы құттықтау сәлемін жеткізіп, алдағы жаңа оқу жылымен ұстаздар қауымын құттықтады.

Сондай-ақ, шараға Әл-Фараби ауданының бас имамы Ахметжан қажы Керімбек, «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай, қалалық іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, қалалық «Зекет» қорның өкілі Айбек Азимбаев, іс басқарушы Сержан Мақсұтов, ұстаздар мен тәрбиешілер қатысты.

Құдық құрылысын Бекбол Жәкішбаев мырза демеушілік жасады. Құдық жұмыстарына жеті жүз мың теңгеге жұмсалды. Құдықтың тереңдігі – 30 метр. Құдық суын күнделікті ішуге де және бақша өнімдерін суғаруға да болады.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38