Жуырда, ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына және «Әр аптада бір шара» жобасы бойынша Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық «А.Қаттани» мешітінде (ДСАК) діни сауат ашу курс шәкірттері офлайн және онлайн түрінде сайыс ұйымдастырылды.
Салтанатты шарада Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық «А.Қаттани» мешітінің бас имамы Ахметжан қажы Керімбек сөз сөйлеп, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының құттықтау сәлемін жеткізіп, шараның маңыздылығына тоқталды.
Қатысушылар «Ақида», «40 парыз» және «Сияр» пәндері бойынша сұрақ-жауап түрінде сайысқа түсті. Сайыс барысында найб имам – ұстаз Нұрғиса Мұсаев және Абдуалибек Анарқұлұлы төрелік етті. Сайыс қорытындысы негізінде мына шәкірттер үздік шығып, жүлделі орынға ие болды. Атап айтқанда:
Бірінші орын: Дүйсехан Нұрберді.
Екінші орын: Мұхаммеджан Зеберхан.
Үшінші орын: Ергешбаев Бекасыл.
Айта кетсек, діни сауат ашу курс шәкірттері арасында өткізілген жарысқа қатысушыларға ынталандыру мақсатында сый-сияпаттар мен алғыс хат табысталды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38