Бүгін, ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойы аясында Қайырымдылық керуені Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Машат елді мекенінде оналасқан «Машат» жазғы лагерінде демалыста жүрген 4 бірдей Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жеткізілді.

Игі шараға  ҚМДБ-ның Шымкент  орталық мешіті мен қалалық «Зекет» қорының және  айрықша қаржылай көмек берген жеке кәсіпкер Құдысқызы Меймангул ханымға Алла разы болсын! Жалпы қайырымдылық шараға 700 мың теңге қаражат жұмсалды.

Айтулы шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің қолға алып отырған игі шараның маңыздылығына тоқталып, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнайы құттықтау сәлемін жеткізді.

Айтулы шараға қалалық «Халал Даму» бөлімінің жетекшісі Қазыбек Сарыбаев, қалалық «Зекет» қорның өкілі Айбек Азимбаев, қала имам кеңесшісі Азамат Әбдікерімұлы және мешіт жанындағы еріктілер тобының мүшелері қатысты.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақыттарда жалғасын табатын болады.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38