Өзбекстанның Бұхара қаласында 21-23 ақпан күндері мемлекеттің туристік мүмкіндіктерін көрсетуге арналған «Зиярат-туризм» тақырыбында І халықаралық форумы өткені белгілі. Форумға Индонезия, Малайзия, Египет, Пакістан, Қазақстан, Катар, Кувейт, Сауд Арабиясы, Сингапур, Әзірбайжан, Түркия, Нигерия, Ресей, Үндістан, Германия, АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Оңтүстік Африка секілді әлемнің 100-ден аса елінен өкілдер мен туристік компаниялар мен Қазақстан атынан ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың тапсырмасымен ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев пен Шымкент қаласы бойынша өкіл имам орынбасары Әділхан Сертай арнайы қатысты.

Туризм – көптеген мемлекеттердің экономикасы мен жаһандану үдерісіне оң ықпал ететін маңызды әлеуметтік һәм саяси құбылыс. Қазіргі таңда әлемдік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатпен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштерді ерекшелеп көрсетудің ұтымды жолдарының бірі саналады.

Айта кету керек, бұл форум аясында мол тәжірибе алып, алдағы уақытта бірлескен игі шаралар жүйелі түрде өзбекстан және өңіріміздің қасиетті де киелі орындарына зиярат ету бойынша  шариғат негізіне құрылған «Зиярат-туризм» саласы жанданбақ.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы

бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38