Мекке қаласындағы Қағба – тек қана адамдар құлшылық жасайтын орын болса, аспан әлемінде тек қана періштелер құлшылық жасайтын Үй бар. Ол – «әл-Бәйт әл-Мағмур» деп аталады. Алла Елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) бұл үй жайлы мәлім етті. Бұхари мен Муслим Мәлик ибн Сағсағадан (оған Алла разы болсын) риуаят еткен хадисте: «… Кейін маған әл-Бәйт әл-Мағмур (іші Толған үй) көрінді, сөйтіп мен: «Жәбірейіл, бұл не?»,-деп сұрадым. Ол маған: Бұл – әл-Бәйт әл-Мағмур. Мұнда күн сайын жетпіс мың періште кіреді, бұл жерден шыққан соң қайтып оралмайды»,-деп жауап берді» деп келеді. (Бұхари, Муслим).

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38