
АДАМҒА АЛҒЫС АЙТҚАНЫМЫЗ – АЛЛАҒА ШҮКІР ЕТКЕНІМІЗ…
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!Аллаға мадақ, пайғамбарға салауаттар болсын!
Елімізде шуақты көктемнің алғашқы күні алғыс айту мерекесімен басталады. Баршаңызды бірлік пен мейірімге үндейтін мерекеміз – алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын. Әр отбасыға құт-береке, бақыт пен табыс тілеймін.
Адамгершілік пен имандылықты өмірінің қазығы еткен халқымыз қиын-қыстау сынақ жылдарында қамыққан жанға қамқор болды. Тағдыр тауқыметін тартып, зобалаң замандарда қазақ жеріне пана іздеп келген түрлі ұлт пен дін өкілдерін бауырына басып, барымен бөліскен ата-бабаларымыздың бұл жақсылығы ұрпақ үшін мәңгі өнеге. Ендеше, жақсылықты жадымыздан шығармау – адамдық іс.
Пайғ