Құран – ұлы періште Жәбірейіл (ғ.с.) арқылы хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымызға уахи етілген Алла тағаланың сөзі. Оқиғалардың ұрымтал кезінде, зердеге тез түйіп, тыңдағандар құлағына құйып алуға жеңіл етіп 23 жыл бойы түскен. Содан бері оның бір сөзі де, бір әрпі де өзгермеген және өзгермейді де. Өйткені, оның қорғаушысы Өзі екенін Алла тағала Құран Кәрімде: “Құранды біз түсірдік, оны қорғайтын да өзіміз” (“Хижр” сүресі, 9-аят), – деп ескерткен.

Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, «Найман баба» мешітінің жанындағы діни сауат ашу курсы (ДСАК) бойынша және мешіт имамы Баймуратов Ержан имамның ұйымдастыруымен әр дүйсенбі сайын 7 жастан 70 жасқа дейінгі талапкерлерге Құран әліппесінен дәріс өтіліп жатыр. Алла тағала осындай қасиетті ілімді үйретіп жатқан имамымызға да, ынта-жігерлеріменен осындай ілімді алып жатқан шәкірттерге де сауаптардан жазсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38