Қаратау аудан имадарының кезекті жиналысы, Қаратау ауданының орталық мешіті «Байғұт баба»-да өтті. «Байғұт баба» мешітіне тағайындалған бас имам Желеуов Дастан, Қаратау аудан имамдарымен танысып өзекті болған тапсырмалармен  таныстырды.

Күн тәртібінде  19 қазан күні Шымкент қаласындағы имамдар арасында өтетін Құран жарысына дайындық шараларын әзірлеу.  3 қазан күні Қаратау ауданындағы мешіт қызметкерлері арасында «Байғұт баба» мешітінде іріктеу жарысы өтеді. Әзірлік дайындық жұмыстарын бастауды тапсырды.

ҚМДБ-ның алған 4 бағыты бойынша  іс шараларды  орындалуын  жауапты етіп «Байғұт баба» мешітінің найбтарын тағайындады. Үгіт насихат бағыты бойынша найб имам  Сейфулов Нұрмахаммедке. Оқу ағарту бойынша бағытты найб имам Мамедов Абзалға. Жат ағымдармен күрес және қайырымдылық бағыттары бойынша  шаралар Қалшабеков Ерболға міндеттелді. Аталмыш бағыттар бойынша әр мешіт имамдары күнделік шаралар өткізіп есебін жауапты найб имамдарға уақытылы өткізілуі тапсырылды. Және де 29 қыркүйек  күні  сенбілік шараларында әр мешітте өтілуі тапсырылды.

«Байғұт баба» мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38