Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің бұйрығымен Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің Қаратау ауданына қарасты «Атамекен» мешітіне тәжірибелі, білімді Оспанов Арыстан Оразалиевич бас имам болып тағайындалды.
Таныстыру рәсіміне Шымкент қаласы бойынша өкіл имам орынбасары Ахметжан қажы Керімбек қатысып, жамағатқа жаңа бас имамын таныстырды. Сондай-ақ, мешіттің бұрынғы имамы Байтелиев Бахтиярдың осы уақытқа дейін атқарған жұмыстарын айтып, алғыс білдірілді.
Оспанов Арыстан Оразалыұлы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Құтарыс ауылында 28.10.1976 жылы дүниеге келген.
Білімі:
1993 жылы №30 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебін бітірген.
1993-1995 жылдары Шымкент қаласындағы «Қошқар ата» медресесін бітірген.
1999-2004 жылдары М.Әуезов атындағы мемлкекеттік университеттің филилология факультетін тамамдаған.
2008 жылы Алматы қаласы Республикалық имамдар білімін жетілдіру институтында білім алғын.
2010 жылы Тіркия Республикасы, Болу қаласында 2 айлық курсты тамамдаған.
2015 жыл 2008 жылы Алматы қаласы Республикалық имамдар білімін жетілдіру институтында 2 айлық курсын бітірген.
Еңбек жолы:
1996-1998 ж Сайрам ауданы, Құтарыс ауылында найб имам қызметін атқарған.
1998-2003 ж Шымкент қаласы «Қошқар ата» мешітінде көмекші молда.
2003-2005 ж Шымкент қаласы «Қаттани» мешітінде имам көмекшісі әрі Қайтпас-1 елді мекенінде «К.Көбеев» мешітінде бас имам қызметтерін атқарған.
2005-2010 ж Ақмола облысы, Есіл аудандық «Ақниет» мешітінің бас имамы.
2010-2012 ж ОҚО, Бәйдібек аудандық, «Нақыпбекұлы әуен» мешітінің бас имамы.
2012-2016 ж ОҚО, Сайрам ауданы, «Ақарыс» мешітінің бас имамы.
2016-2017 ж Шымкент қаласы, «Халифа Омар» мешітінің найб имамы.
2016-2018 ж Шымкент қаласы, «Айқап» мешітінің найб имамы.
2018 жылдың 24 қыркүйегінен бастап Шымкент қаласы, Абай ауданы, «Атамекен» мешітіне бас имам қызметіне тағайындалды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі