Шымкент қаласы орталық мешітінің найб имамы, оқу ағарту бөлімінің жетекшісі Иса Файзуллаұлы Шымкент қаласындағы «Шымкент» медресе колледжінің студенттерімен кездесті. Кездесудегі мақсат студенттермен сұхбаттасу, сұрақ-жауап өткізу, көкейлерінде жүрген мәселелерге жауап беру сынды тақырыптар болды. Иса имам шәкірттерді жан-жақты болуға, дәрістерге немқурайлылықпен қарамауға, білім алу бәріңізге парыз екенін нақтылап түсіндірді. Және де ұстаздарға бағыну, сыйлау олардың батасын, ризашылықтарын алу әрбір шәкірттің міндеті екенін шегелеп кетті. Сөз соңында бәріміз еліміздің болашағы үшін, тыныштығы үшін анябай қызмет ету керекпіз деп қорытындылады.
Шымкент орталық мешітінің баспасөз қызметі