ҚМДБ-ның Шымкент қаласы өкілдігінің Əл-Фараби ауданы бойынша «А.Қаттани» мешітінің бас имамы Бақдəулет Нұрматұлының бастамасымен, үстіміздегі жылдың 26-шы Қыркүйек күні аудан мешіттерінің имамдарының білімін жетілдіру мақсатында семинар болып өтті.

Семинарға Əл-Фараби аудан имам-молдалары қатысты. Оларға Құран, тəжуид, ақида сабағынан «А.Қаттани» мешітінің найб имамдары Мысыр Араб Республикасының «Əл-Азһар» университетін тəмəмдаған Тұрапбай Ақтөре жəне Туркия Республикасының «Хасеки» білім ордасын тəмəмдаған Мусаев Нұрғиса семинар жүргізді. Семинар соңынан жиынға қатысушыларға дастархан жайылып, Шымкент қалалық мешітінің найб имамы Естеміров Мұхаммеджан ағамыз сөз сөйлеп, бұл семинардың асыл дінімізге маңыздылығын алға тартты.
Алдағы уақытта да айына екі рет өтетін бұл семинар жалғасын таппақ.

«А.Қаттани» мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38