Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, «Мәртөбе» мешіті жамағатпен бірігіп жағдайы төмен 15 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті. Атап айтқанда 50 килалық ұн таратылып, қосымша ұсақ-түйек керекті заттар берілді. Көмек алған қандастарымыз өз қуаныштарын білдіріп, мешіт қызметкерлері мен жамағатына рахметтерін айтты. Игі іс қылудың саған нәсіп етілгенін білу, мұқтаждығы өтелген жанның қуанышын көру, батасын алып, ризашылығына бөлену шынында да керемет емес пе?!

Алла Тағала баршамызға жақсы адам болуды, айналамызға пайдалы болуды, Өзі разы болатындай ізгі амалдарды көптеп жасауымызды және жасаған амалдарымыздың сауабы толық болуын нәсіп етсін!

Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, «Мәртөбе» мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38