Айлардың сұлтаны болып саналатын қасиетті Рамазан айының адамзатқа рухани және әлеуметтік, медециналық жағынан пайдасы бар. Бұл айда күндіз ораза тұтқаннан кейін, кешкісін құптан намазынан соң 20 ракат тарауих намазы оқылады. Тарауих сөзі «дем алу, демалыс» дегенді білдіреді. Оны барлық мұсылмандар топ- топ болып, жамағат болып, біргелікте оқиды.
Дәлірек айтқанда, кеше қасиетті Рамазаның алғашқы күні Шымкент қаласы облыстық орталық мешітте ресми ашылу, құттықтау салтанаты шарасы болып өтті.
Оған облыс имамы Ахметжан қажы Керімбек жиналған жамағатқа Рамазан айының қадір-қасиеттері жөінде және тарауих намазының 20 ракат оқу қажет екендігі туралы кеңінен түсіндіріп берді. Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің үндеуімен құттықтауына жеткізді.
Биылғы жылы облыстық орталық мешітте тарауих намазындағы хатым Құранды жас қариымыз Абдулазиз Бекайдарұлы өткізуде.
Алла тағала Рамазан айындағы барлық жақсылықтарды нәсіп етсін.
Мұхамеджан Естеміров,
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары