SAM 436

 SAM 436

Ағымдағы жылдың маусымның бірі күні Ордабасы ауданыәкімдігінің мәжіліс залында ауыл имамдары мен ардагерлер төрағалыры қатысуымен жиын болып өтті. Жиында аудан әкімінің орынбасары Әлдебек Сәдірмек жүргізді. Басты тақырып-Рамазанға дайындық пысықталды. Яғни Рамазан айында берілетін кешкі ауызашар рәсімдерінде елді татулыққа, бірлікке, ынтымаққа шақыратын мағыналы діни әңгімелер, уағыздар айтылуы және қайрымдылықты көптеп істеуді тапсырды. Сонымен қатар азық-түлік дүкендеріндегі күнделікті тұтыну тауарларын мейілінше арзандатуды және ішімдіктерді сатыуды тоқтатуға, атсалысуға шақырды. Оқушылардың жазғы демалысын ұтымды пайдалану, яғни әрбір мешіт жанындағы сауат ашу курстарын жандандыру қажеттілігі айтылды.
Аудан имамы Б.Әшірбай оразаның мән-мағынасын түсіндіре келе, Рамазан кешіндегі тарауық намазында арнайы қари шақырылып Құран Хатым етілетініне төрт жылдай болағанын және басқа үлкен ауыл округтері осы үрдісті сауап үшін жалғастырса нұр үстіне нұр болар еді-деді. Бұл өте қиын мәселе емес. Ауылдардағы небір қалталы жігіттер көкпарларда ысырапкершілікке жол беріп жүргенін барлықтарыңыз білесіздер, тек оларға сауапты істердің мән-маңызын түсіндіріп, насихат жағы кем болып жатқандығы деп ойлаймын. Ауыл ішіндегі мәселелерді яғни даулы жерлер, жастардың ажырасу мәселелерін бірге шешсек-деген ойым бар. Бұндай мәселелерге біз араласпасақ, шеттен келгендер еш уақытта шеше алмасы анық.
Сөз кезегін алған ардагерлер төрағалары мен имамдар басқа да мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін айтты. Сөз сұрап сөйлеген Б.Әшірбай аудан орталығына өте қажетті екі мәселені ортаға салды. Біріншісі марқұм болғандарға өткізетін жиындарды арнайы халал асхана салып, сонда өткізуді. Екіншісі марқұм болған кісі үшін арнайы авто көлік қажеттілігі айтылды. Бұл ұсыныстарды аудан әкімі орынбасары Ә. Сәдірмек ақылдасып, бір шешімге келіп нақты ұсыныстармен аудан әкімінің алдына қою күн тәртібінде болатынын көпшілікке уәде етті.

Ордабасы ауданы, Ордабасы орталық мешітінің баспасөз қызметі

 SAM 432

 SAM 433

 SAM 434

 SAM 435

 SAM 436

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38