اَلْحَمْدُ ِللهِ الَّذِي أَحْيَانَا بَعْدَ مَا أَمَاتَنَا وَإِلَيْهِ النُّشُورُ

Әлхамду лилләһил-ләзи ахъйәнә бәъдә мә әмәтәнә уә иләйһин-нушур

1 – Бізді өлтіргеннен соң[1] қайта тірілткен Аллаға шүкір! Әрі біз Оған қайтушымыз.

لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللهُ ُوَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ.سُبْحَانَ اللهِ، وَالْحَمْدُ ِللهِ، وَلاَ إِلَهَ إِلاَّ اللهُ، وَالله ُأَكْبرَُ، وَلاَ حَوْلَ وَلاَ قُوَّةَ إِلاَّ بِاللهِ الْعَلِيِّ الْعَظِيمِ، رَبِّ اِغْفِرْ ليِ

Лә иләһә илләл-лаһу уахдәһу лә шәрикә ләһ, ләһул-мулку уә ләһул- хамду, уә һууә ъалә кулли шәй-ин қадир. Субханәл-лаһ, уәл-хәмду лилләһ, уә лә иләһә илләл-лаһ, уәллаһу әкбәр, уә лә хаулә уә лә қууәтә иллә билләһил ъалиил-ъәзыйм, рабби-ғ-фирли.

2 – Алла тағаладан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол біреу-ақ, Оның ешбір серігі жоқ. Бүкіл билік Оған тән, Әрі барлық мақтау-мадақ Оған ғана лайық. Оның күш-қуаты барлық нәрсеге толық жетеді. Алла тағала кемшілік атаулыдан пәк. Бүкіл мадақ (Оған ғана) тән. Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Алла тағала өте ұлық. Өте биік, аса зор. Алла тағаланың күш-қуатынан асатын еш қандай күш-қуат жоқ, Ей, Раббым! Мені кешіре гөр!

الْحَمْدُ ِللهِ الَّذِي عَافَانيِ فيِ جَسَدِي، وَرَدَّ عَلَيَّ رُوحِي، وَأَذِنَ ليِ بِذِكْرِهِ

Әл-хамду ли-лләһил- ләзи ъафәни фи жәсәди, уә раддә ъаләйя рухи, уә әзинә ли би-зикри-һи.

3 – Тәнімді сауықтырған, рухымды маған қайтарған, әрі Өзін еске алуға мүмкіндік берген Алла тағалаға мақтау-мадақтар болсын.

4 – «Шынынды көктердің және жердің жаратылуында түннің және күндіздің өзгеруінде әлбетте ақыл иелері үшін дәлелдер бар. ۞ Олар тіке тұрып, отырып, жамбасынан жатып (әр халде) Алланы еске алады. Сондай-ақ олар көктер мен жердің жаратылуы жайында ойланады да: «Раббымыз! Сен мұны босқа жаратпадың, Сен пәксің, бізді от азабынан сақта!» ۞ «Раббымыз! Сен кімді отқа салсаң, расында оны қор-ладың. Залымдардың еш жәрдемшісі жоқ». ۞ «Раббымыз! Біз: «Раббыла-рыңа иман келтіріңдер» (деп) шақырған шақырушыны естіп, иман келтірдік. Раббымыз! Енді күнәларымызды жа-рылқап, жамандықтарымызды жасыр. Және жақсылармен бірге өлім бер!». ۞ «Раббымыз! Бізге елшілеріңе уәде еткендеріңді бер. Сондай-ақ бізді қиямет күні қорлама. Күдіксіз Сен уәдеден айнымайсың» (деп тілейді) ۞ Сонда олардың Раббылары тілектерін қабыл етті: «Шын мәнінде Мен сендерден еркек, әйел амал істеушілер-дің амалын зая қылмаймын. Бір-бірің-ненсіңдер (Бәрің бірдейсіңдер). Және сондай һижра[2] қылғандардың, жұрт-тарынан шығарылғандардың және Менің жолымда жапа шектірілгендер-дің, соғысқандардың, өлтірілгендердің жамандықтарын жасырамын. Сондай-ақ оларды астарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргіземін. Сыйлық Алла-ның қасынан. Әрине сыйлықтың жақсы-сы Алланың қасында». ۞ (Мұхаммед (с.ғ.с.)) кәпір болғандардың, елдерде жер басып жүруі сені алдамасын. ۞ Азғантай ғана рахаттанудан кейін олардың орны тозақ, нендей жаман орын. ۞ Бірақ сондай Раббыларынан қорыққандар, олар үшін астарынан өзендер ағатын бақшалар бар. Олар Алла тарапынан қонақ үйлерде қалады. Алланың қасындағылар игілерге жақсы. ۞ Шын мәнінде Кітап иелерінен Аллаға иман келтіріп, сендерге түсіріл-ген әрі өздеріне түсірілген нәрселерге Алладан қорыққан түрде сенетіндері де бар. Сондай-ақ олар Алланың аяттарын аздаған бағаға сатпайды. Міне солар үшін Раббыларының қасында сыйлық бар. Алла тез есеп көруші. ۞ Әй мүміндер! Әр нәрсеге сабырлы, жауға шыдамды және қорғанысқа дайын болыңдар. Сондай-ақ, Алладан қорқың-дар, әрине құтыласыңдар»[3].

 

[1]  Яғни, бізді ұйықтағаннан кейін қайта оятқан Аллаға шүкіршілік болғай. Бұл дұғада ұйқы өлім мағынасында берілген. Өйткені ұйқы өлімнің жақын туысы.

[2] Дін үшін көшкендер.

[3] «Әли-Имран» сүресінің 190-200 аяттары.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38