ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Серікбай  қажы Сатыбалдыұлы хазреттің тапсырмасын жүзеге асыру аясында Шардара ауданы Алатау батыр ауыл округі «Алатау батыр» мешітінің  имамы Умирзаков Әлібектің ұйымдастыруымен  «Мектепке жол», – қайырымдылық іс – шарасы  өтті.  Қайырымдылық іс-шара аясында мектеп жасындағы 17 оқушыға мектепке қажетті оқу құралдары мен кеңсе қажеттері таратылды. Биылғы оқу жылында да аталмыш шара жалғасын тапты. Жиын соңында балалар мен ата-аналар өз ризашылықтарын білдіріп, іс – шараны үйымдастырушы имамға алғыстарын жеткізді.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38