Шымкент қалалық өкілдігі, Қаратау аудандық Байғұт баба мешітінде Қасиетті Құрбан айт намазы оқылып, Құрбан айт мерекесі жоғарғы деңгейде атап өтілді. Айт намаз алдында келуші жамағатқа тәттілер таратылып,   бас Мүфтидің Қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтауы оқылды. Зиялы қауым өкілдеріне құттықтау хаттары табыс етілді. Намаздан кейін жамағатқа арналған турникке тартылу, бруся, қошқар көтеру сынды  спорттық іс-шаралар өтті. Сонымен қатар Қаратау ауданының әкімшілігі мен Қаратау аудандық мешіттерінің қоры бірігіп жағдайы төмен 70 отбасыларға ұн, пісте май таратылды. Сондай ақ Байғұт  баба мешітінде көп балалы және жағдайы төмен  100 отбасыға арнайы дастархан жайылып, ет  таратылды. Қасиетті Құрбан айт мерекесін атап өту іс-шаралары Қаратау ауданының басқа да мешіттерінде жалғасын тапты.

Қаратау ауданы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38