Шардара ауданы Сүткент ауыл округі «Асылхан ата» мешітінің бас имамы Мадиярбек Ташовтың ұйымдастыруымен «Мектепке жол», – атты қайырымдылық акциясы өтті. Аталмыш акцияға Сүткент ауыл округінің әкімі  Олжас Айдосов қатысып,  жеке өзінің үлесін қосып балалардың көңіліне қуаныш сыйлады. Демеушілер есебінен, әлеуметтікжағдайы төмен, көп балалы отбасылардың 20 ұл, қыз балаларына мектепке қажетті сөмке, оқушының құрал жабдықтарымен толықтай қамтамасыз етілді. Демеушілік көрсеткен азаматтарға алғысымыз шексіз.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38