Ордабасы ауадандық орталық мешітінің ұйымдастыруыменен 54 баланы «Мектепке жол» және «Бір баланы киіндір» қайырымдылық акциясының аясында Шымкент қаласы «Алаш» базарына алып барып, өздеріне ұнаған киімдерін алып беріп қайттық. Балаларға мектепке керекті форма, сумка, дәптер-қаламдарын, аяқ киімдерін алып бердік. Мақсатымыз Құрбан айт мейрамымен қуанту. Балаларға түскі астары, тәтті сулары мен балмұздақтары әперілді. Осы іс-шараға қаржылай ат салысқан ағаларымызға, бауырларымызға, мешіт жамағаттарына және қол жәрдем еткен мешіт жастарына Алла разы болсын деп алғысымызды айтамыз.
Хадисте «Кімде-кім мүмін бауырының осы дүниедегі бір уайым-қайғыдан құтылуына себепкер болса, Алла Тағала оны қиямет қайымның қайғы-мұңдарының бірінен құтқарады. Кімде-кім қарызданып қысылған адамға түсіністікпен қарап, ісін жеңілдетсе, Алла Тағала оның ісін екі дүниедеде жеңілдетеді. Сондай-ақ Алланың құлы мұсылман бауырына жәрдем етуін тоқтатпайынша, Алла Тағалада құлына жәрдем етуін тоқтатпайды» деген.
Хадисте айтылған барлық қайырлар, осы іс-шараға ат-салысқан бауырларымызға нәсіп болсын.