Түркістан облысы Ордабасы ауданы бойынша құрбан айт намазы аудан бойынша белгіленген уақытта 7:00 де оқылды. Айт намазында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, Серікбай қажы Ораздың барша мұсылмандарға құттықтауы оқылды. Айт намазынан кейін кір тасын көтеру, күрес, қазақтың ұлттық ойындары ойнатылды. Айт күндерінде 25 ірі-қара, 256 қой шалынып, 800 дей отбасыға таратылды. Кейбір ауылдарда балалар ойнау үшін «батут» орнатылды. Айт күндерінде іс-шаралар ойдағыдай өтті.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38