Қасиетті Құрбан айт мерекесінде ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкілдігі тарапынан «Раббың үшін құрбан шал!» атты қайырымдылық шарасы өтті.
Қайырымдылық шараны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, найб мүфти Наурызбай қажы Өтпеновтың бастамасымен қолға алынып, қала, аудан көлемінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Қайырымдылық іс-шараға жергілікті ҚМДБ-на қарасты «Зекет» қорының өкілдері, «Ықылас» жастар қоры, «Жібек жолы» қайырымдылық мекемесі т.б. азаматтар қайрымдылық акциясына атсалысты.
Жалпы, облыс көлемінде 11566 (он бір мың бес жүз алпыс алты) отбасыға құрбандық ет өнімдері мен азық-түлік, ұн, май т.б. көмек берілді.
ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі