Шардара аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен қол күресінен Құрбан айт мерекесіне арналған Шардара аудандық турнирі өтті. Турнирдің ашылу салтанатында Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А. Данияров сөз кезегінде, Құрбан айт мерекесімен құттықтап және осы іс – шараны ұйымдастырған  Шардара аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне алғысын білдірді. Аталмыш спорттық іс – шарада   қол күрес, арқан тарту, гір көтеру, асық ойнаудан өтті.  Жасөспірім спортшылар арасында 25,35,45,55,+55 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен жеңімпаздарға аудан имамы Алғыс хатпен бағалы ақшалай сыйлықтармен марапаттады. Іс – шарада ардагерлер Қ. Ілесов, И. Омаров сынды ағаларымыз да  күш сынасып жарысты қыздыра түсті.  Қызу да тартысты өткен сайыста төмендегі спортшылардың мерейлері үстем болып жеңіс тұғырынан көрінді

25 келі салмақта

I орын Аманкелдиев А

II орын Маманияз Ж

III орын Момын А

35 келі салмақта

I орын Ахмет А

II орын Сәрсенбай Ж

III орын Сағындық Н

45 келі салмақта

I орын Нұрмахамбет Д

II орын Ахмет Қ

III орын Әбілда Б

55 келі салмақта

I орын Қалдарбек Н

II орын Зарубек С

III орын Роман Д

+55 келі салмақта

I орын Елубай Ж

II орын Абдрахман Б

III орын Жүсіп Д

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38