ҚМДБ-ның Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық орталық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің ұйытқы болуымен мешіт жанындағы «Ордабасы» алаңында қасиетті Құрбан айт мерекесі жалпы халықтық мереке ретінде ерекше ұйымдастырылды.
Мерекелік шараны ҚМДБ-ның Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық орталық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің бас имамы Бақдаулет Абдрахмнов әсерлі уағыз айтып, жиналған қала тұрғындарына ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің құттықтау лебізін оқып таныстырумен бастады.
Қала әкімдігінің қолдауымен «Ордабасы» алаңына арнайы сахна, лед- экрандар орнатылып, ұлттық ойын түрлерінен сайыстар өткізілді. Оны қалалық жастар ісі бөлімінің жетекшісі Азамат Әбдікерімұлының жүргізуімен дін мен дәстүрге үйлесімді түрде мәдени іс-шаралармен жалғасын тапты. Халықтың назарын аудару үшін қазақи терме әндерге кезек беріліп, арасында кір тасын көтеру, арқан тарту, қол күрес және қой көтеру сынды т.б. ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға орталық мешіт тарапынан бағалы сый-сияпаттар үлестірілді.
Мерекесін сәтінде қалалық әйел-қыздар секторының қызметкерлері мерекенің бастауы ретінде түрлі тәттілер мен бауырластар тегін таратып, шашу шашты.
Орталық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің бас имамы Бақдаулет Абдрахмновтың бастамасымен Құрбан айт күндерінің бірінші күнін ғибадат һәм зиярат ету күні, екінші күніне мәдени ұлтты іс-шаралар күні, ал үшінші күніне қайырымдылық һәм мейірімдік күні деп белгілеген екен.
Айт мереке құтты болсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі