Биылғы жылғы Құрбан айт осындай ерекшеліктерімен халықтың жадында сақталатындай деңгейде өтті. Халық алдымен исі мұсылманның ең маңызды екі мейрамының бірі Құрбан айт мерекесін айт намазын оқумен бастады. Аудан имамы Б.Қалдаров мешіт жамағатына Құрбан айттың маңызы мен мәніне кеңінен тоқталып, оның тарихымен таныстырып өтті. Орталық мешітке арнайы келген аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Қозыбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұстапа Сүлейменов айт намазын оқуға келген халықты мерекемен құттықтап, елдің тыныштығы мен ынтымақ бірлігіне кеңінен тоқталды. Мешіт ауласына киіз үй тігіліп, айттық дастархан жайылды. Орталық мешітте шалынған құрбандықтың еттері 250 астам мұхтаж жандарға таратылды.
Сарыағаш аудандық мешітінің баспасөз қызметі