Бүгін Жетісай қаласына іс- сапармен келген ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, Наурызбай қажы Өтпенов мырза бірнеше алқалы жиындар мен семинарларға қатысты. Сонымен қатар, қос қуаныштың куәгері де болды. 6 баланың әкесі, бірнеше жылдардан бері жалдамалы үйде тұрып келген елдің қадірлі азаматы қалалық «Нұр- Жетісай» мешітінің имамы Абдурахман Нурматовқа пәтер кілтін табыстады. Өзінің ыстық ықыласын білдіріп, қайырымдылық шараларына белсене ат салысқан мешіт жамағатқа алғысын айтты.Жаңа баспаналы болып жатқан имамға ҚМДБ-ның атынан газ плитасын сыйға тартты. Қуанышқа аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы Ә. Исаевта қатысып, найб мүфтимен бірге салтанатты лентаны қыйды. Пәтер иелері келуші қонақтарға арнайы дастарқан жайды. Пәтер иесі құрметті қонақ Наурызбай қажы Тағанұлының иығына шапан жапты. Найб мүфти өзіне берілген сыйды қабылдап, құрмет- ізетпен мешіттің ақсақалы Әзімқожа қажы Айдаровқа жапты.
Аудандық «Нұғман» мешітінің найб имам