Жетісай аудандық «Нұғман» мешітінің мәжіліс залында Жетісай және Мақтарал аудандары имам- молдаларына арналған семинар- кеңес болып өтті. Жиынға ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, найб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, өкіл имам орынбасары Мұсабек Ақтамберді қатысты. Жиынға келген имам- молдаларға ҚМДБ бекіткен төрт бағыт бойынша бар күш- жігер жұмсау қажеттігін айтты. Сонымен қатар, мешітке келуші жамағатқа лайықты деңгейде қызмет көрсету басты міндетіміз. Имам- барша ерік- жігерін, күш- қайратын асыл дін мен туып- өскен еліне жұмсауы керек. Сіз бен біз сол тазалыққа бірінші мән беруіміз керек. Шешендік өнер мен сөйлеу әдебін дамытып, Ислам дінін насихаттауды жоғары деңгейде жалғастыру қажет екендігін жеткізді. Жиын барысында имам- молдалардың пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап беріп өтті.
«Найманбай ата» мешітінің молдасы Датқабаев Ескендір: «Республикалық газет- журналдарды үнемі оқимыз. Сол газет- журналдарға ауыл имам- молдалары мақала жазып тұрса»- деген ұсыныс білдірді. Сондай- ақ, «Жылы су» мешіті молдасы: «апталық жұма уағызды Дүйсенбі күнінен бастап алып отырсақ жақсы болар еді»- деген өтінішін жеткізді. Найб мүфти ұсыныс пен өтініштерге жауап бере келіп: «осы пікірлеріңіз назарға алынады»,- деді.
Жиын соңында аудан имам- молдаларының атқарып жатқан істеріне алғысын айтып, алдағы уақыттарда бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.
Жетісай аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі