Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бекіткен 4 бағытының ішінде маңызды рөлге енетіні – сауат ашу курсы болып табылады. Осыған орай Жетісай, Мақтарал аудандарында Жазғы діни сауат ашу курстары жолға қойылған болатын. Кеше, Аудандық «Нұғман» мешітінде «ИМАНИ ЖАЗ» атты тақырыпта Діни сауат ашу курсы өз мәресіне жетіп, тәлім алып жүрген шәкірттерге сынақ болып өтті. Емтиханды ұстаз Тухтаев Умид жүргізіп отырды. Ал Аудандық «Нұғман» мешітінің бас имамы Сыздықов Бекзат төрағалық етіп, 120- дан астам қатысушы шәкірттерге: «Ассалаумағалейкум сынақ тапсырушы шәкірттер! Қарасыңыз қазіргі уақытта өздеріңізбен жасты қаншама балалар демалыста, шомылуда, қыдыруда. Ал сіздер өз уақыттарыңызды жазғы демалыста да білімге арнап жатсыздар. Бұл да үлкен бір ерлік»- деп, шәкірттерді ынталандырды. Емтихан барысында қатысушы шәкірттерден Араб әліппесі, Құран грамматикасынан, Пайғамбар (с.а.с) өмірбаянынан және өзге тақырыптарда сұрақ сұралды. Соңынан діни сауатын ашқан жас бүлдіршіндерге аудандық «Нұғман» мешіті атынан сертификат табысталып, қосымша «Бала тәрбиесі» атты кітап берілді.

Аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38