Шардара ауданында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында құрылған ақпараттық топ мүшелері Шардара қаласындағы, орталық аурухана қызметкерлерімен «Дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу», – тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуде аудан имамы А. Данияров және аудандық ішкі саясат бөлімінің нұсқаушысы Байбеков Дастан дәстүрлі ислам дінінің негізгі міндеттеріне тоқталып, түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы дәстүрлі емес ағымдардың көбейуіне байланысты, кейбір жастарымыздың діни сауатының таяздығынан кереғар діни ағымдар мен секталардың алдау арбауына түсіп, олардың торынан шыға алмай жүргендер жайында мысал келтіре отырып, дін және діни ағымдар жөнінде кең көлемде айтып берді. Керағар діни ағымдардың қауіптілігі, әлеуметтік желілердің жастарға тигізіп отырған зияндылығы жөнінде түсіндірмелер беріп, ҚМДБ – ның сайттарынан мәлімет алуға болатынын ескертті. Сонымен қатар, қоғамымызда орын алып жатқан әр алуан мәселелер, халқымыздың салт-дәстүрлері, әдет – ғұрыптарының жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызына тоқталып өтті. Кездесу соңында аурухана қызметкерлерімен пікір алмасып, сұрақтарға жауаптар берілді.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.