Аудандық орталық «Нұғман» мешітінің мәжіліс залында ауданға қарасты мешіт имам- молдаларының қатысуымен кеңейтілген жиналыс болып өтті. Жиынды ауданның бас имамы Бекзат Сыздықов ашып, жүргізіп отырды. Ең әуелі аудан имамы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бекіткен 4 бағыты бойынша жарты жылдық есебі тапсырмасы жайында ескертіп, белгіленген мерзімде өткізуді жүктеді. Сонымен қатар, жұма намазында, бесін- ақшам намазындағы уағыздарда үлгіге сай насихат жасап, қызметтік этиканы қатаң сақтауды, киім үлгісі (сәлде- шапан) ҚМДБ бекіткен үлгіге сай болуын өңір имамдарына жүктеді. Және де жат діни ағымдар бойынша АТК мүшелерінің есебін тыңдап, алдағы уақыттарда сәләфилік ағым өкілдерімен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша кестелер түзді. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын жандандырып, жоғары деңгейде өткізуді найб имамдар мен кураторларға тапсырды.

Аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38