Түркістан қаласы орталық «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінде Түркістан қаласының тұрғыны, жаны жомарт Тәңірбергенов Дәурен қасиетті Рамазан айында өзінің кәсібінің берекесі, отбасының амандығы үшін дұға ете келіп, тұрмысы төмен, жетім, жесір 10 отбасыға өзінің «Зекетін» берді.
«Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітіне өз жағдайларын айтып, көмек сұрап келген біршама азаматтарға ақшалай берілді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с): «Малдарыңды зекет беру арқылы қорғаңдар, ауруларыңды садақа беру арқылы емдеңдер, тілейтін дұғаларыңмен бастарыңа келетін пәлелерді қайтарыңдар» – дегендей, осындай жаны жомарт азаматтардың арқасында қоғамдағы біршама әлеуметтік азқамтылған отбасыларға көмек үлестіріліп келеді. Жалпы 10 отбасыға 40000 теңгеден таратылды. Жалпы суммасы – 400 000 теңге берілді.
Шара барысында Түркістан қаласының бас имамы Омар қажы Елеуұлы «Зекет» туралы уағыз насихат айтып, дұға етті. Көпшілік өз тараптарынан алғыс айтып, Дәурен бауырымыздың отбасы, кәсібінің берекесі үшін дұға еттіп, ризашылықтарын білдірді.
«Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің баспасөз қызметі