Түркістан қаласы орталық «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінде кәсіпкер, жаны жомарт Ерлан бауырымыз қасиетті Рамазан айында өзінің кәсібінің берекесі, отбасының амандығы үшін дұға ете келіп, тұрмысы төмен, жетім, жесір 50 отбасыға өзінің «Зекетін» азық-түліктей берді. Жалпы: ұн, шекер, пісте май, картоп, пияз, макарон, конфет, тәттілер, киімдер т.б. заттай берілді.
Түркістан қалалық «Халықты әлеуметтік қамту» орталығына көмек сұрап келген қоғамдағы аз қамтылған, тұрмысы төмен 50 отбасыларға азық-түліктей, киім-кешектей көмек берілді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с): “Дүние-мүліктеріңді зекет берумен қорғаңдар”,- деп бұйырғандай, кәсіпкер азаматтардың демеуімен отбасыларға көмек үлестіріліп келеді.
Ерлан бауырымыз өте қамқор, қолы ашық жан. Бұл азамат үнемі Шымкент қаласындағы жетім балалар үйіне, «Қарттар» үйіне, жетім-жесірлерге, тұрмысы төмен отбасыларға үнемі жанашырлық етіп, демеушілік етіп келеді. Алла ісін сауаптан жазып, отбасының, кәсібінің амандығы мен берекесін берсін.
Жалпы 50 отбасыға 700 000-800 000 теңгенің қайырымдылық көмегі берілді.
Шара барысында Түркістан қаласының бас имамы Омар қажы Елеуұлы «Зекет» туралы уағыз насихат айтып, дұға етті. Көпшілік өз тараптарынан алғыс айтып, Ерлан бауырымыздың отбасы, кәсібінің берекесі үшін дұға еттіп, ризашылықтарын білдірді.
«Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің баспасөз қызметі