IMG 295

IMG 295

Бүгін, Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай орталық «Ысқақ» мешітінде «Құран жаттаған бала ақыретте ата анасына сыйы бар» атты Құран жарысы өтті.
Аталған жарыс орталық «Ысқақ» мешітінің бас имамы А.Абдулкамалдың бастамасымен 13-шы рет ұйымдастырылып, қасиетті Құран Кәрімнің 30-шы парасы бойынша 20 және 10-сүре бойынша қала және оған қарасты ауыл мешіттері жанындағы сауат ашу курсында оқып жатқан шәкірттер арасында өтті.
Аталмыш жарысқа 45 үміткер қатысып, бақтарын сынады. Шара барысында Арыс қаласы орталық «Ысқақ» мешітінің бас имамы А.Абдулкамал қасиетті Құран Кәрім Рамазан айында түскендігін және оны оқу, жаттау оған амал ету адам баласын екі дүниеде бақытты ететіндігін айта келе, Құран оқудың қасиеті турасында уағыз айтып, бұл Құран жарысы Арыс қаласында 13-шы рет ұйымдастырылып жатқандығын тілге тиек етті.
Іс-шара соңында әділ қазылар қатысушыларға әділ бағаларын беріп, жеңімпаздарды ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

ОҚО Арыс қаласы орталық «Ысқақ» мешітінің баспасөз қызметі

IMG 294

IMG 295

IMG 296

IMG 297

IMG 298

IMG 299

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38