Қасиетті Рамазан айының қадірлі түні, Қадір түні қарсаңында Төлеби аудандық «Нұр» мешітінде мың айдың сауабынан үмітті азаматар, сақы жандар өз Зекет садақаларын жасады. Жиырма отбасыны қуанышқа бөлеген бүгінгі шараның ұйымдастырушысы аудан бас имамы Анарбаев Самат қажыға барша қатысқан отбасы разылықтарын білдірді. Жомарт жандардың зекеттері мынандай заттардан үлестірілді, атап айтсақ 25 кг ұн, 5 литр май, 5 кг күріш, макарон, қант, шәй тағы басқада тұрмысқа қажет тағамдардан. Зекет өсу, көбею мағыналарын білдіретін себепті, сақылардың малдарын Алла өзі қорғауына алып, арттыратыны сөзссіз. Ал Рамазан айында жасалған Зекетке еселеп сауап бар, қызығып қарауға тұрарлық жағыдай.
Төлеби ауданы Нұр мешіті баспасөз қызметі