Рамазан айы – мейірімділік пен қайырымдылық айы. ҚМДБ – ның әлеуметтік жағдайы төмен және көмекке мұқтаж жандарға, мүгедектерге қайырымдылық көмек көрсету туралы тапсырмасына сәйкес Созақ ауданы орталық Шолаққорған мешітінде қайырымдылық іс-шарасы өтті. Биылғы қасиетті Рамазан айын мол сауаптармен, құрметпен қарсы алу мақсатында аталмыш мешіт ұжымы ұқтаж болған 20 отбасына азық-түлік пакеттерімен қоса, 78 әйел, қыз-келіншек, аналарға қайырымды адамдар арқылы аяқ киімдерімен (жалпы соммасы 400,000 теңге) көмек көрсетілді. Сонымен қатар, жүріп тұра алмайтын, жалғысбасты мүгедек 2 ананың отбасына арнайы дайындалған азық-түлік пакеттері жеткізілді. Жиналған көпшілік алдында Созақ ауданының бас имамы Рамазан айынының қасиетін және ол айда ораза ұстаудың артықшылықтары, қасиетті Рамазан айында «Қолы ашықтың – жолы ашық» болатындығын насихаттады. Сондай – ақ қайырымдылық зекеттерін берген демеуші, қамқоршы ағаларымызға дұға жасау керектігін түсіндіріп айтты. Мешіттен қамқор көрген кісілер мешіт қызметкерлері мен жаны жомарт жандарға ризашылықтарын жеткізді.
Созақ ауданы орталық мешітінің баспасөз қызметі.