IMG 168

IMG 168

ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігіне қарасты ОҚО орталық мешітінде ДСАК əйелдер бөлімінде іс- тəжірибеден өтіп жүрген «Сарыағаш» медресе колледжі мен «Шымкент» медресе колледжі студенттерінің ұйымдастыруымен «21 ғасыр көш басшысы» атты білім сайысы өтті. Сайыс үш кезеңнен тұрды.
1-ші кезең, білім сайысы, шəкіртер өз араларында мұсылмандық шарты, иман шарты жəне Пайғамбарымыздың ( с.а.с) өмір баяны пəндерінен сұрақтарға жауап берді.
2 -ші кезеңде шəкірттер Логикалық сұрақтарға жауап берді.
Ал 3- ші кезеңде, бүгінде ұмыт болып бара жатқан мақал мəтелдердің жалғасын табудан сайысқа түсті. Жарыс топтық сайыс үлгісінде өтті. Сайыс қортындысы бойынша Абай Құнанбаев тобы жеңіске жетіп бағалы сыйлықтарға ие болды. Сайыста аз ғана балмен екінші орынға түскен Шəкəрім Құдайбердіұлы тобына да сыйлықтар табыс етілді. Көрермендер арасында да сұрақтар қойылып жеңімпаздарға кітапшалар таратылды. Сайысты тамашалау барысында білімін арттырған жиналған көпшілік өз алғыстарын айтып тарқасты.

ОҚО Орталық мешітінің баспасөз қызметі

IMG 168

IMG 168

IMG 168

IMG 168

IMG 168

IMG 168

IMG 168

IMG 168

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38