Арыс қаласының орталық «Ысқақ» мешітінің бас имамы А.Адулкамалдың ұйымдастыруымен Қасиетті рамазан айында «Кітап ең баға жетпес дүние» атты акциясы өтті.
Акцияның мақсаты мешіттердегі кітап қорын толықтыру, жамағаттардың діни сауаттылығын арыттыру, жат ағымдардың арбауынан сақтандыру болып табылады.
Осы мақсатта қалада және ауылдық округтер мен елді мекендерде орналасқан мешіттерге арнайы кітап сөрелері қойылып, оған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы рұқсат еткен діни кітаптардың алуан түрелі қойылды.
Аталмыш шараға имамдар қаумы мен мешіт жамағаттар өз үлістерін қосып, сауабы мол іс жасады.
Намазға келген жамағаттар мешіттің сөрелеріне қойылған кітаптарды оқып, өз ризашылықтарын айтуда.
Мұндай акциялар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Арыс қаласы орталық «Ысқақ» мешітінің баспасөз қызметі