«Ең әуелгі байлық- денсаулық»- дегендей, Алла тағала адамзат баласына бүткіл дене мүшелерін аманат етіп тапсырған. Ал адам баласы бұл аманатқа өте сақтықпен, ұқыптылықпен қарауы тиіс. Қазіргі таңда белең алып жатқан және адам денсаулығына айтарлықтай зарары бар инфекция таралуда. Ол- менингокок инфекциясы. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»- деген. Бүгін де осындай тақырыпта Мақтарал аудандық «Нұғман» мешіті мәжіліс залында өңірде орналасқан имам- молдалардың және арнайы «Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы эпидемиологиялық қадағалау» бөлімінің басшысы Зулеев Сарсеннің қатысуымен түсіндірме жұмыстары болып өтті. Түсіндірме жұмыстары барысында С. Зулеев инфекцияның таралу жолдарын ашып- айқындап берді. Жалғастыра келе, инфекцияның белгілері және жұқтырған жағдаятта қандай шара қолдану керектігін де атап өтті. Ең бастысы, инфекциядан сақтану жолдарын айтып, әрдайым жылы қайнаған суды қолдану керектігін, бетперде қолдануды ұмытпауды және қол- аяқты сабынмен тазалап жууды имам- молдаларға түсіндіріп берді. Сонымен қатар, бұл вирусты өкінішке орай ауданымызда да жұқтырғандардың санын айтып, барынша жамағат арасында түсіндіруге кеңес берді.
Жиын соңында бөлім басшысы дін қызметкерлеріне бетперде таратып, мешіт имамдары жұқпалы вирус жайлы сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды.
Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі