Қасиетті Рамазан айының 19-шы күні, яғни маусымның 4 күні Оңтүстік Қазақстан облыстық «Шардара Армспорт» спортклубынан шыққан даңқты спортшылар Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінде ауызашар дастарханын жайды.
Берекелі дастарханға ҚМДБ – ның ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары Ә. Сертай, аудан имамы А. Данияров, ауыл ақсақалдары мен мешіттің тұрақты жамағаттары қатысты. Алаш жұртының мақтанышына айналған спортшылар ауыз бекіткен меймандарға құрмет көрсетіп, қызмет етті.
Дастархан басында өкілдіктен келген найб имам Әділхан СертайҚМДБ – ның ОҚО бойынша өкіл имам Бақтыбай қажы Бейсенбаевтың құттықтау сөзін жеткізіп, күллі әлемдердің Жаратушысы Алла Тағала мұсылман жамағатына бұйыртқан қасиетті Рамазан айында мүміндердің ұстаған оразасы өлшеусіз сауабымен ерекшеленеді. Және, адамзаттың ардақтысы, соңғы пайғамбары Мұхаммед (с.а.у) хадис шарифінде «Рамазан айының алғашқы онкүндігі – кешірім, ортасы – рахымдылық, соңғы он күндігі – тозақтан құтылу», – деп, оразаның қадір-қасиетін толықтай баян етті.
Ауызашар соңында ақсақал аталар мен ақ ниетті қонақтар ақ батасын беріп, өздерінің тілектерінде, Қазақстанның атын шетелдерде танытып қана қоймай, тамсандырып жүрген құрыш білекті де жүректі спортшыларға алғысын білдірді.
Бұдан былайда ауданымыздың жас жеткіншектеріне өнеге болып, әлемнің көптеген елдерінде жеңіске жетіп, көк байрағымызды асқақтатып, еліміздің атын танытып жүрген азаматтармен естелікке суретке түсті.
Дастархан соңында, жамағаттар «Ниет қабыл болсын», – деп жақсы көңіл – күймен тарқасты. Қала мешіттері «Әбу Мансур әл-Матуриди», «Аль – Фаттаһ» мешіттерін зиярат етіп, мешіт жамағаттарымен жүздесіп, өкіл имам Бақтыбай қажы Бейсенбаевтың құттықтауын жеткізіп жамағатпен бірге тарауих намазын оқыды.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.