Аудан имамы Б.Қалдаров Сарыағаш қаласындағы «Тәжіхан қажы» мешіт жамағатына Уақыттың қадірі мен Рамазан айының ерекшеліктері, оразаның шарттарына кеңінен тоқталып мәлімет беріп өтті. Сондай-ақ Рамазан айын тиімді өткізу жолдары мен оразаның адам өміріне тигізетін әсері жайлы да аз-кем әңгіме өрбітті. Мешіт жамағаттары әсерлі уағыз тыңдап, дән риза болып тарасты.
Сарыағаш аудандық мешітінің баспасөз қызметі