Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Үйлену, ұрпақ көбейту – адамзат баласының сақталуының бірден-бір кепілі. Үйлену арқылы адамзат нәсілі көбейеді.
Құран Кәрімде де үйленудің осы хикметті сыры назардан тыс қалмаған. Алла Тағала былай дейді: «Алла сендерге өздеріңнен жұбайлар жасады, сол жұбайларыңнан балалар, немерелер берді» («Нахыл» сүресі, 72 аят). Ал үй- ленген кейін «ұрпақ сүйдіру» – бір Алланың қолындағы іс. Жаратушы нәсіп еткен осы ұрпақтың тәрбиесімен шұғылдану – ата-анадан үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) балаларға қатты көңіл бөліп, тәрбиеге үлкен жауапкершілікпен қараған. Баланы тәрбиелеу үшін мейірімділік танытуға, жақсы көруге, ақылымен еркелетуге, көңіл бөліп ойнатуға, адал несібе- мен бағып-қағуға, қылығына түсіністікпен қарап, жұмысына сай тәрбие беру-ге көңіл аудартқан. Денесін шымырлыққа шынықтырумен қатар, жастайынан иман негіздерін сіңіруге назар аудартқан. Ата-ана ретінде отбасында жақсы өнеге көрсетіп, баланы жастайынан тазалыққа, адамгершілікке, мұсылман – дық әдептілікке баулуды үлгі еткен.
«Ата-ананың қарызы, ұрпақтың өмірлік парызы» демекші, ата-ананың мін- деті – жас ұрпаққа ата-бабамыздың әдет- ғұрпын, адамгершілік, имандылық қасиеттерін сіңіру.Жақсы ата-ана баласын жеті жасқа дейін ең асылындай мәпелеп өсіреді. Жеті – сегіз жастан ес біліп, етек жинар он сегізге дейін өзін- ің басыбайлы құлындай жұмсап, үй шаруасындағы кіші еңбекке үйретеді. Он сегізден асқан соң, ұл жігіт болып, қыз бой жетеді. Міне, содан соң ғана ата-ана оларды өзімен тең отбасы мүшесіндей санап, бірдей жағдайда сыйла-сып өмір сүруді бастайды. Бұл қағида Ұлы Даланың байырдан бері қалыптасып келе жатқан заңы іспеттес. Тек бұл заң соңғы жылдары әдет-ғұрып, салт-дәстүр тарихында сырттан келген басқа дәстүрлердің әсерінен аз – кем өзгеріске ұшырағаны да, ұшырап жатқаны да байқалады.
Қазақтың салтында үйге әкесі кіріп келгенде, ұлы мен қызы алдынын қатар жүгіріп шықса, сүннет бойынша бірінші сыйлықты қызына береді немесе бірінші назарды қызға аударады. Қызға жылулық жасайды, себебі қыздың жүрегі нәзік болады, қыз бауырмашыл болады. Қалай дегенде де басқа ұлтқа қарағанда қазақ қызына «қонақ» деп қараған, қыздың жолы –жіңішке деп санаған. Қыз – біздің намысымыз. Сондықтан да қызға осыны сезіндіре отырып өсіру біздің бірден – бір міндетіміз болып саналады.
Бүгінгі қыз – ертең бір әулеттің оң жағын қызартып, отау тігетін келіні. Желегі желбіреген сол келін өмірге ұрпақ әкеліп, ақ жаулықты ана атанады. Іргетасы мықты соғылған үйдің ұзаққа шыдайтыны секілді, жақсы тәрбиенің қаймағын қалқып ішкен қыздан көргенді келін, білікті ана шығады. Әйел-аналар өнегелі болса, елдің көсегесі көгеріп, керегесі кең жайылады. Төрт қанаты түгел, отының басы бүтін болады. Парасатты ананың тіккен шыбығынан бәйтерек өсіп, арғы ұрпағына саясын түсіреді. Қыз баланың ақылды да инабатты, өнерлі де өнегелі болып толысуына ата-анамен бірге ағайын-туған, ауыл-аймағы да жауапты екенін айтады. Қызды тектеп ұстауды меңзейді. Тыю деген, міне, осылардан құралады. Оң жақтағы кезде жүз жігіттің арманы болса да, қызға бір азаматтың адал жан жары болу – парыз. Міне, қазақ қызы осындай тәрбие алып, отбасының ұйытқысы бола білді.
Басқа ұлттарға қарағанда әсіресе қазақ отбасында қыз бала тәрбиесі ерекше орын алады. Өз қыздарын ұлттық салт-дәстүрлерімізге сай тәрбиелеп, болашақ ана ретінде құрметтей білген. Өйткені қыз баласы бір отбасының ғана емес, бір рулы елдің, қала берді, бүтін бір ұлттың ұлт болып қалыптасуына әсер ететін тұлға екені даусыз. Ол ертеңгі елдің батыры мен ақынын, көре-ген көсемін, сөзуар шешенін, топ жарар дүлдүлін өмірге әкеледі. Демек, бүг- інгі қыздардың қолында бүкіл бір ұлттың тағдыры мен болашағы тұр. Сол се-бепті қыз баланы қонақ деп санап, бетінен қақпай, «қызға қырық үйден тыю» дей отырып, қыздарын еркелетіп, оларды ел-жұрт, ағайын-туыс болып, бей – әдеп, ерсі қылықтардан, жаман мінез көрсетуден тыйып отыруымыз қажет. Жан сұлулығы мен тән сұлулығы тең қазақ қызының басты тәрбиешісі әрине ол – аналарымыз. Қыз бала анаға бір табан жақын болатыны содан. Ал әке – қызға қорған. Қыз баланың жақсы болып өсуіне оның өскен ортасының , бірге жүрген құрбы – құрдастарының, дос – жарандарының да әсері күшті. Қазақтың «Қыз өссе қызы жақсымен ауылдас бол» деген нақыл сөзі сол өмір тәжірибесінен алынған. Ұлы Абай атамыз «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата- ананың қызынан қапы қалма» деген екен. Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, әдептіліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп та- ныған. Халық ауыз әдебиетінде көптеген ақындарымыз қызға деген көпте – ген керемет суреттемелер берген. Сондай-ақ қыз баланың ұқыптылығын, ше-берлігін, сүйкімділігін, жанының нәзіктігін, өнер, білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның ол қасиеттерін бейнелі сөздер арқылы ерекше көрсет-кен. Мысалы: «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей», «Қыз- елдің көркі , гүл –жердің көркі», «Жақсы қыз- жағадағы құндыз», «Қызы бар үйдің қызығы бар» т.б.
Тарихқа көз салар болсақ, Ислам діні келгенге дейін әлемде әйел затын қорлықта ұстау, адам қатарында санамау, арын аяққа таптау сынды т.б. жағымсыз әдеттер орныққан болатын. Ал Ислам діні алғашқы уақытардан бастап-ақ, әйел затының жанұядағы әрі қоғамдағы орнын белгіледі. Дініміздің әйелдерге зор қамқорлық жасауы – барша әйел заты үшін адамзат тарихындағы теңдессіз оқиға болды. Өйткені, өзге елдерде де әйелдердің жағдайы тым аянышты күйде еді. Құран Кәрімде 176 аяттан тұратын «Ән-ниса» («әйелдер»), 98 аяттан тұратын «Мәриям» деп аталатын сүрелер тікелей әйелдерге арналған. Бұдан басқа, «Нұр», «Ахзаб», «Мумтахия», «Тахрим», «Талах» сүрелерінде де дініміздегі әйел адамның орны туралы кеңінен айтылған. Бұл – Ислам дінінің әйелдерге қаншалықты көңіл бөлгеніне дәлел.Демек, Ислам діні алғашқы уақыттардан бастап-ақ қыз балаларға мейірім мен аяушылықпен қарауға шақырған.
Адамзаттың асылы сүйікті Пайғамбарымыз дінді насихаттай бастағанда әйелдер қауымы да өте көп қолдау көрсеткен. Айталық, Хадиша анамыздың Исламды алғаш болып қабылдап, бүкіл байлығын дін жолында сарп еткені белгілі. Осы себепті Пайғамбарымыз: «Ел менен теріс айналған кезде, Хадиша маған сенді. Айтқандарымды ешкім қабылдамағанда мені алғашқы болып растаған сол еді», – деп оны өмір бойы ұмытпай, жақсылықтарын әрдайым еске алып отырған. Хадиша анамыз мұсылман болған соң кейін қыздары Руқия, Зейнеп, Үммү Күлсім және Фатима да Ислам дінін қабылдаған. Қыздары Пайғамбарымызды қатты жақсы көретін. Аяулы әкелерін қорғау үшін өжет мінезге де баратын.
Ислам діні қыз баласын ана ретінде қатты қадір тұтқан. «Жұмақ – аналардың табанының астында», «Кімге жақсылық жасайын?» – деген сахабаға 3 рет «Анаңа» деп жауа берген хадистері осыған дәлел. Қыз баласың киімі жайлы былый делінген: «Мүмін әйелдерге де айт: өздеріне харам етіліген нәрселерге қарамасын, ұятты жерлерін зинадан, күнә атаулыдан қорғасын, мәжбүр көрінген жерлерінен (бет, екі қол, тобықтан төмен екі аяқ) тыс әдеміліктерін көрсетпесін. Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Көркін көрсетпесін» («Нұр» сүресі, 31 аят). Қыз баласына тән әурет жерін жабық кию үлгісі кемісітуден емес, қайта оны өте бағалы көріп, көздің қарашығындай көруден, сырт көзден сондай-ақ түрлі арсыздықтар мен кесірі қоғамға тиетін (зинақорлық, тастанды бала, түсік тастау секілді) жамандықтардан сақтау үшін бекітілгенін ескерген жөн. «Асыл тас ашық болса ұрлағысы келетіндер көбейеді, ал ару қыз ашық болса, қорлағысы келетіндер көбейеді» – деп халқымыз бекер айтпаған.
Бұған қоса, Исламда әйелге күйеуінің ризашылығын көздеу, ерінің дүние-мүлкіне ұқыппен қарау, тек өз күйеуі үшін сәндену, неке қидырғанға дейін жігітпен оңаша қалмау, өзінің жаратылысындағы нәзіктігін сақтау, алыс сапарға жалғыз шықпау міндеттеледі.
Қорыта келгенде, Ислам дінінде әйелдің, қыз тәрбиесінің орны ерекше. Сондықтан әйелге деген құрмет зор болуы тиіс. Ислам діні қыз баласына Аллаһтың аманаты ретінде қарауға шақырған. Қайта өз жаратылысына сай сүйікті жар, аяулы ана ретінде қашанда оның орнын жоғары бағалаған. Қоғам тәрбиесін қыз баланың ұяттылығы мен ұштастыры қарастырған. Әйел затын жат пиғылдардан, бұзық әрекеттерінен қорғауға тырысқан. Осындай құрметке лайық бола білу үшін де әйелден де белгілі – бір міндеттерді талап еткен. Әйелдер қауымының дәрежесін ешбір дін дәл Исламдағыдай биіктете алмаған.
Сондықтан тəуелсіз еліміздің ұл-қыздарымыздың дін мен ділімізді, мəдениетіміз бен салт-дəстүрімізді бойларына сіңірген, ар-намыстарын сақтайтын, еліміздің асыл азаматтары мен азаматшалары болып қалыптасуларын Алладан тілейміз.
Омаров Ынтымақ Тыныштыханұлы,
Шымкент қаласы, «Ислам нұры» мешітінің бас имамы