IMG 1141

IMG 1141

Бүгін, Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінде жамағаттың алдында Қазақстанда ХХ ғасырдың 20-50-жылдарындағы жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасы ұйымдастырылды.
Сол зұлмат жылдары тарихшылардың айтуы бойынша, 4 миллиондай Қазақстан азаматы зардап шеккен. Тарих бетіне қаралы ізін қалдырған осынау оқиғаның құрбандарын ақтау, ерліктерін еске алу тәуелсіздігіміздің арқасында қолға жетті.
Осыған орай, еліміздің әр өңіріндегі мешіт қызметкерлері облыс, аудан, ауыл әкімдіктерімен бірлесіп, қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шараларын дәстүрлі түрде жалғастырып келеді.
Жалпы, облыс бойынша 160 мешіттерде оқылып жатқан хатым Құран сауабы сол жылдары жазықсыз шейіт болған марқұмдардың рухтарына бағышталды.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

IMG 1139

IMG 1140

IMG 1141

IMG 1142

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38