IMG 1123

IMG 1123

Қайырымдылық — көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілікпен нақты көмек. Адамның адамгершілігін көрсететін, Алла тағаланың рақымы мен мейіріміне бөлендіретін амал. Алла тағала қасиетті Құранда садақа мен жәрдем берушілер жайлы Бақара сүресінің 272- аятында: «Қайыр – садақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін (жақсы болады). Не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да, соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздіккке ұшырамайсыңдар (яғни, сауаптарыңды толық аласыңдар)»- деген. Ақырет пайғамбары Мұхаммед (с.а.с): Ислам бес негізден құралған- деген. Соның ішінде Құдай тағала сауабын ақыретте өзі беретін, «пендем оразаны мен үшін ұстады, оның сауабын мен беремін»- дейтін қасиетті Рамазан айындағы ораза. Бұл айда жасалынған әрбір амал еселеніп жазылады. Біреуге бір құрма беріп болсын ауыз аштырыңдар деген Расулалла (с.а.с) хадисін сахабалар мен табиғиндар, өткен ата-бабаларымыз еш ұмытқан емес. Бұл айда сонымен бірге зекет беру- өз мал-жаныңыздың амандығын сақтау, алдыға келер пәлекеттерден қорғану. Мұсылман- мұсылманға бауыр демекші, осы айда әрбір мұсылман өзінің бауырына артылса көршісіне, одан артылса діндес бауырларына көмек қолын созуы ізгіліктің көрінісі. Аудандық «Нұғман» мешіті, «Зекет қоры» бөлімі, Жастар ісі секторларының ұйымдастыруымен аудандық орталық мешітте «Мейірімділік мекені» атты қайырымдылық іс- шарасы өтті. Осынау игілікті жалғастырған Мақтарал ауданының құрметті азаматы, белгілі кәсіпкер- меценат Аблазимов Бахарадин Нұғманұлы. Кеше аудандық «Нұғман» мешітінде қала және ауыл тұрғындарынан 200 азаматқа 50,000 теңгеден жалпы құны 10,000,000 тг зекет таратты. Әуелі, ауданның бас имамы Сыздықов Бекзат Алланың қасиетті кітабы Құранмен бастап, алғы сөз айтты. Келесі болып халықтың көз қуанышына айналған белгілі кәсіпкер өз сөзінде: «Бұл мал- мүлік Алланың сіздерге бергені. Біздер тек ортадағы себепкер адамдармыз»- деп өз кішіпейілділігін білдірді. Ауданымыздың анасы атанған Жамал апа сөз алып: «Ел игілігі үшін салынған бұл мешітте тек жақсылықтар мен игі бастамалар орын алуы керек. Мешіт десе жанымызды беруге даярмыз.»- деп қорытындылады. Қаншама отбасыға жылу сыйлаған кәсіпкерлерге ел ақсақалдары, қала- ауыл тұрғындары өз ризашылдықтарын білдіріп, алғыс айтты.
Берекелі Рамазанда алдағы уақытта қайырымдылық істері жалғаса бермек.

Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі

IMG 1123

IMG 1123

IMG 1123

IMG 1123

IMG 1123

IMG 1123

IMG 1123

IMG 1123

IMG 1123

IMG 1123

IMG 1123

IMG 1123

IMG 1123

IMG 1123

IMG 1123

IMG 1123

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38