IMG 1061

IMG 1061

Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінің дәмханасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының атынан бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне ауызашар дастарханы жайылды.

Ауызашар рәсіміне облыс имамы Бақтыбай Қыдырбайұлы, наиб имамы әрі баспасөз қызметінің жетекшісі М.Естеміров, облыс әкімдігінің баспасөз қызметкерлері, облыстық «Қазақстан Шымкент», «Отырар», «Созақ ТВ», «Нар ТВ», «Айғақ» телеарналары мен «Оңтүстік Қазақстан», «Қазақстан жолы», «Южный Казахстан», «Шымкент келбеті» т.б. газет-журналдардың бас редакторлары мен ардагер тілшілері қатысты.

Дәстүрлі шара аясында бірқатар журналистер сөз алып, діни басқарма тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, риза екендіктерін атап өтті. Сондай-ақ, өкіл имам Бақтыбай Қыдырбайұлы Бас мүфти Серікбай қажы Садыбалдыұлының құттықтауын жеткізіп, қасиетті Рамазан айы туралы әңгімелеп берді.

Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, барлық қонақтарға кәде-сыйлық табыс етілді.

ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38