IMG 1008

IMG 1008

Мақтарал ауданында он екі айдың сұлтаны- Рамазан шаралары жоғары деңгейде өткізілуде. Солардың ішінде Күндердің сұлтаны жұма уақытында мешітке келуші жамағаттарға Ораза кестесі таратылып берілді. Аудан бойынша 4 мешітте Құран Кәрім хатым етіліп, 69 мешітте түнгі намаз оқылады. Ұлы айдың түнін көркем ететін және бір құлшылық бар. Ол- тарауих. Тән мен жанды рахатқа бөлейтін Тарауих намазы басталғалы бері ауданның түкпір- түкпірінен мыңнан аса жамағат намазға қатысуда және алғашқы күні намаз алдында ауданымыздың бас имамы Бекзат Сыздықов ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының Қазақстан халқына арналған Рамазан айы құттықтауымен таныстырып өтті. Соңынан қасиетті айдың берекеті жайлы насихат айтты. Күнделікті Құптан намазы алдында жиылған дүйім жамағатқа ҚМДБ тарапынан келген кестеге сәйкес жарты сағат уағыз жасалынады.
Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі

IMG 1008

IMG 1008

IMG 1008

IMG 1008

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38