IMG 765

IMG 765

ОҚО Шымкент қаласы, Абай ауданында Қарсақбайұлы Сансызбай ұрпақтарының демеушілігімен Алланың үйі – мешіт жаңадан бой көтеріп, есігін өз жамағатына айқара ашты. Бұл айшықты оқиға қасиетті Рамазан айының қарсаңында болды. Мешіттің ашылуына ОҚО өкіл имамы, облыстық орталық мешіттің найб имамдары, зиялы қауым, қария ақсақалдар мен 1000 жуық халық қатысты. Бой көтерген ғибадат үйінің ел игілігіне берілуіне арналған салтанатты шара алдымен Құран оқылып, ОҚО өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаевтың дұға-тілегімен басталды. Мешіттің құрлысы 2017 жылы басталған болатын. Бір жылдың ішінде аяқталып ел игілігіне беріліп жатыр. ОҚО өкіл имамы сөз алып, халықты осындай қасиетті де зәулім құлшылық ордасымен құттықтады. Жамағатқа уағыз-насихат айтып, Тәубе сүресін тілге тиек қыла отырып: «Алланың мешітін, тек Аллаға шынай иман еткен, намазын толық оқыған, зекетін берген және Алладан ғана қорыққандар салады», – деп, демеушілерге Алланың разылығын тілеп, алғысын айтты.
Жаңадан бой көтерген мешіт ұлылықтың айғағындай иман сәулесін шашып тұр. Мешіт жалпы 2 қабаттан тұрады, бір мезетте мыңға жуық жамағат намаз оқи алады. Осылай Алланың үйі жүздеген адамдардың қатысуымен есігін айқара ашты.
Соңынан жиылған жамағатқа ас беріліп, қазақтың ұлттық ойындары ойнатылды.

ОҚО орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

IMG 764

IMG 764

IMG 764

IMG 764

IMG 764

IMG 764

IMG 764

IMG 764

IMG 764

IMG 764

IMG 764

IMG 764

IMG 764

IMG 764

IMG 764

IMG 764

IMG 764

IMG 764

IMG 764

IMG 764

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38