IMG 785

IMG 785

ОҚО Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Тұрдабат тұрғын алабында орналасқан «Нарынбай ата» мешіті күрделі жөндеуден өтті. Заманауы жабдықпен жабдықталып мешіт мұнарасы жарқырап жарығын шашып тұрды. Осындай сауапты да игі іске ОҚО өкіл имамның өзі атбасын бұрып құттықтап келді. Мешіттің жөндеуіне атсалысқан азаматтарға алғысын айтып, қасиетті рамазан айының қарсаңында, зәулім мешіттің ел игілігіне есігін айқара ашқан күнімен құттықтады. Жұмадан соң жамағатқа дастархан жайылып, ас берілді. Дастархан басында орталық мешіттің наиб имамы Әміре Бекайдар уағыз-насихат айтты. Бұрын соңды осы мешітте тек бес уақыт намаз оқылып келген, Қасиетті Рамазан айының қарсаңында жұма намазын оқитын мешітке айналды.
Мешітке келген әрбір адам – Алланың қонағы. Ендеше, Алланың жердегі үйі мүмін-мұсылманның басын бір жерге қосатын құт мекені халықымызды имандылыққа бағыттайтын құт мекен.

ОҚО Орталық мешітінің баспасөз қызметі

IMG 785

IMG 785

IMG 785

IMG 785

IMG 785

IMG 785

IMG 785

IMG 785

IMG 785

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38