Қалдаров Берік Жақыпбекұлы
24 қараша 1980 жылы ОҚО, Сарыағаш ауданы, Келес өңірінде туылған.
Отбасылы. 2 ұл, 2 қызы бар.
Білімі 2000-2004 ж Шымкент қаласындағы «Өтес батыр» атындағы Ислам институтын тамамдаған.
2007 ж Алматы қаласындағы 4 айлық ИБЖИИ-да оқыған.
2015 ж Түркия мемлекетіндегі Бурса қаласында 2 айлық курста білімін шыңдаған.
Жұмыс тәжiрибесi;
2006-2008 жылдары ОҚО, Сарыағаш аудандық «Сарыағаш орталық» мешітінің найб имамы,
2008-2012 жылдары аралығында облыстық «Абду Хамид Қаттани» мешітінің молдасы,
2012- 2015 жылдары Төлеби ауданының бас имамы,
2015- 2016 жылдары Шымкент қаласы, Қаратау ауданы бас имамы,
17.05.2016 жыл ОҚО, Сарыағаш аудандық «Сарыағаш орталық» мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалған.
Қоғамдық жұмыс; Облыстық «Қазақстан Шымкент», «Отырар», «Айғақ»,телеарналарына және Сарыағаш қаласындағы «Сәт» телеарнасына, Сарыағаш радиосына діни танымдық, имандылық, жастар тәрбиесі және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары бойынша сыр-сұқбаттар жүргізген.
Сондай-ақ, облыстық, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында діни танымдық мақалары жарық көрген.
Жергілікті ақпарат насихат тобының мүшесі.
Наградалары, марапаттары; ҚМДБ-ының және ОҚО өкілдігінің алғыс хаттарымен,
2012ж Облыс бойынша «Жылдың үздік имамы» грамотасымен марапатталған.
2016ж Шымкент қ, Қаратау ауданы әкімі Ғ.Исмаиловтың алғыс хатын алған.
2016ж Сарыағаш ауданы әкімі Қ.Абдуалиевтің алғыс хатын алған.
2016ж ОҚО бойынша өкіл имамы А.Керімбектің алғыс хатын алған.