Есіркеп Мейрамбек Құдайбергенұлы 1981 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келдім. Әкем Құдайберген Есіркепов аудандық теміржол вокзалының бастығы, анам Байжігітова Гүлмарам №70 Жанқожа батыр атындағы орта мектептің мұғалімі. 1996-1998 ж.ж. Қазалы ауданында орналасқан «Қожаназар-ишан» мешітінің жанынан ашылған діни сауат ашу курсын толық тамамдадым. 1998 жылы №70 Жанқожа батыр атындағы орта мектепті бітірдім. 1998-2002 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласындағы «Қазақ-Кувейт» университетін дінтану және араб тілінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірдім. 2002-2003 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы Темірлан елді мекеніндегі «Темірлан» орталық мешітінде найб имам қызметін атқардым. 2003-2008 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы, «Кентау» ортылық мешітінің бас имамы қызметін атқардым. 2008 жылы Қызылорда облысы өкіл имамының найб имамы және облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы қызметіне тағайындалдым. Сол жылдан 2011 жылы аралығында Қызылорда қаласының бас имамы, қалалық «Айтбай» мешітінің бас имамы қызметін атқардым. 2011-2013 жылдар аралығында жеке шарауашылық жұмыстарымен айналыстым. 2013-2015 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы «Хилует» орталық мешітінің найб имамы қызметін атқардым. 2015-2018 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы «Кентау» орталық мешітінің найб имамы қызметін атқардым. 2018 жылдан бастап Созақ ауданы «Шолаққорған» орталық мешітінің бас имамы болып қызмет атқарамын. Жанұялымын. 3 ұлым бар.