13 Omar

13 Omar

Кобеков Омар Елеуович

Туылған жылы: 03.03.1973 жыл

Туылған жері:
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Төрткүл ауылдық округі

Қандай шетел тілдерін біледі: қазақ, орыс, өзбек тілдері – еркін, түрік, араб тілдері – сөздікпен

Білімі, мамандығы (квалификациясы):
1991-1994 жылдары Алматы қаласы Ислам институтын тамамдаған;
1998 жылдары Алматы қаласы, Сауд Арабиясының өкілдігінің өткізген «Сауат ашу» курсында білімін жетілдірген;
1999 жылы Түркия мемлекетінде Діни білімін жетілдірген;
2005 жылы мұсылманның бес парызының бірі «Қажылық» сапарын атқарған;
2006-2010 жылдары Түркістан қаласы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін «050206 – Дінтану» мамандығы бойынша бітірген;
2008 жылы Пәкістан Ислам мемлекетінде «Дағуа» академиясында білімін жетілдірген;
2011 жылы ОҚО өкілдігінде «Имамдардың білімін жетілдіру» курсына қатысқан.

Қызмет жолдары:
1994-2000 жылдары Қарағанды облыстық орталық №1 мешітінде наиб имамы;
2000-2013 жылдары ОҚО, Түркістан қаласы орталық «Хилует» мешітінің Бас имамы;
2013 жылдың ақпан-қараша айларында Алматы облысы, Қарасай ауданы «Алмалы бақ» мешітінің имамы;
2013 -2014 жылдары Алматы облысы, Еңбекшіқазақ аудандық орталық мешітінде Бас имамы;
2014 – 2015 жылдары аралығында Түркістан қалалық орталық «Хилует» мешітінің Бас имамы;
2015 жылдан қазіргі уақыт аралығында Түркістан қалалық орталық «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің бас имам қызметін атқарады.

Мемлекеттік және аудандық марапаттары, құрметті атақтары:
2008 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Астана қаласының «10 жыл Астана» медалімен наградталған;
2010 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Президенті Л.Ташеновтен «Алғыс хатпен» марапатталған;
2011 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен наградталған;
2011 жылы ҚМДБ ОҚО өкіл имамы Бейбіт Мырзагелдиевтен «Алғыс хатпен» марапатталды;
2013 жылы Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаевтан «Алғыс хатпен» марапатталған;
2014 жылы Алматы қаласы, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің бірінші орынбасары Н.Құдайбергеновтен «Мадақтамамен» марапатталған;
2014 жылы ОҚО, Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаевтан «Алғыс хатпен» марапатталған;
2016 жылы 1-мамыр Қазақстан Халықтарының бірлігі күні қарсаңында ОҚО, Түркістан қаласы әкімі Әліпбек Шәріпбекұлының арнайы «Алғыс хатымен» марапатталған.
2016 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толу құрметіне орай арнайы медальмен марапатталған.
2017 жылы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында және түрлі іс-шараларда әкімнің арнайы «Алғыс хаттарымен» марапатталған.

Жанұялық жағдайы:
Отбасылы, 3 ұл, 2 қызы бар.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38